Қостанайлық «Тобыл» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковтің тізесіне ота жасалды.
Қазір ойыншы Мюнхен (Германия) қаласындағы емханалардың бірінде жатыр.
Биылғы маусымда Серікжан «Тобыл» сапында 25 матчқа қатысып, 4 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді.
Естеріңізде болса, Серікжан жарақатына байланысты Қазақстан құрамасының қыркүйектегі ойындарына шақыртылмаған еді. Жартылай қорғаушы алдағы ойындарға да шақыртылмады.
Біздің серіктес: FONBET