Жарнама
Жарнама

Серікжан Мужиковтың алаңға қашан оралатыны белгілі болды

14.03.2022, 23:48
Футболшы ұлттық құраманың алдағы екі ойынына қатыса алмайды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан құрамасының және қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков жарақатына байланысты 3-4 аптаға қатардан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Естеріңізде болса, 32 жастағы футболшы «Ақжайықпен» болған ойында бұлшық етін жарақаттап алған еді.

Жартылай қорғаушы қазір елордада емделуде. Осы себепті Мужиков УЕФА Ұлттар лигасының С дивизионында қалу құқығы үшін Молдоваға қарсы өтетін екі ойынына да қатыса алмайды. Ойындар 24 және 29 наурызда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров