Жарнама
Жарнама

Серхио Рамос “Миланға” ұсынылды – Аңыз Еуропаға оралa ма?

23.12.2025, 16:45

Футбол тарихындағы ең үздік қорғаушылардың бірі Серхио Рамос мансабын қайтадан кәрі құрлықта жалғастыруды көздеп отыp, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Испаниялық жұлдыз Италиялық “АС Милан" клубына ұсынылған.

Қазіргі таңда Массимилиано Аллегри баптайтын “Россонерилер” қорғаныс шебін нығайту үшін жаңа ойыншы іздестіруде.

Repubblica басылымының бүгінгі санында жарияланған ақпарат бойынша, қаңтардағы трансфер терезесінде Миландық клубтың құрамын Рамоспен толықтыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Соңғы рет Мексиканың "Монтеррей" клубында өнер көрсеткен Рамос Солтүстік Америкадағы мансабын аяқтап, қаңтар айында Еуропаның топ-лигаларына қайта оралуды қалауда.

"Реал Мадридтің” бұрынғы капитаны өзінің  тәжірибесімен "Миланның” жас қорғаушыларына үлгі бола алады.

Келіссөздер сәтті өтсе, Рамос бұрынғы командаласы Лука Модричпен бірге Италия чемпионатында бой көрсетуі мүмкін.

“Милан” басшылығы 38 жастағы ардагер ойыншының талаптары мен физикалық жағдайын сарапқа салып, түпкілікті шешім қабылдамақ. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров