“Реал” мен Испания құрамасының аңызы Андалусья командасын 450 млн еуроға бағалап отыр.
Соңғы кездері өте нашар нәтиже көрсетіп жатқан “Севилья” ұжымы өткен аптадан бері сатылымға қойылған болатын. Еурокубокте біраз жылдар бойы атой салған команданы алғашқылардың бірі болып Серхио Рамос сатып алуға ниет білдіріпті. Кезінде дәл сол ұжымда тәрбиеленген қорғаушы “Севильяны” қайта тік тұруына үлес қосамын деп отыр.
Айта кетейік, Рамос Андалусья клубында барлық турнирлерді қосқанда, 87 матч өткізіп, 10 гол соқты. Одан басқа, қорғаушы әр жылдары ПСЖ, “Реал” және “Монтеррей” командаларында өнер көрсетті. Қазірде жасы 40-қа тақаған ойыншы еркін агент статусында келеді.
Айтпақшы, Серхио сатып алуды көздеп отырған Севилья осы маусымда Ла Лиганың турнир кестесінде 12 орында келеді. Команда 2021 жылдан бері Примераның топ-5-тігіне кіре алмай жүр.
Біздің серіктес: FONBET