Мексиканың “Монтеррей” клубында өнер көрсетіп жүрген 39 жастағы Испан қорғаушысы Серхио Рамос күтпеген жерден жанкүйерлерін жасырын өнерімен таңғалдырды.
Тамыздың 31-інде Рамос өзінің алғашқы әнін жарыққа шығарып, оны “Cibeles” деп атады. Әннің атауы Мадридтегі атақты Пласа-де-Сибелес алаңымен байланысты. Дәл осы жерде ол “Реал Мадрид” сапында сан мәрте трофейлерді көтеріп, жеңістерін жанкүйерлерімен бірге атап өткен еді. Әннің бейнебаянында футболшы өзінің мансабындағы әсерлі сәттерін пайдаланған.
Жанкүйерлер Рамостың Испан тілінде шырқап, әсіресе 2020 жылы “Реалдан” қоштасқан кезін еске салғанын бірден байқады. Ән мәтінінде “Бүгінге дейін айтпаған бір сыр бар. Ол әлі күнге дейін жүрегімді жаралайды. Сен маған ұш дедің, бірақ мен ешқашан кеткім келген жоқ” деген жолдар бар екен.
Ән жарық көргеннен кейін бірнеше сағаттың ішінде-ақ миллиондаған қаралым жинады. Дегенмен пікір екіге бөлінді:
Біреулер “Әр нәрседе басты кейіпкер болғысы келмей, өз шамаңды білсеңші” – деп сын айтты. Енді біреулер: “Құдайым-ау, бұл не болды?” – деп таңданысын жасырмады.
Ал қолдаушылар да табылды: “Әніңізді тыңдауға дайынбыз. Латын Америкасының үздік әнін шығарыңыз!” – деп рухтандырды.
Осылайша, Серхио Рамос футболдан бөлек, өнер сахнасында да өз жолын сынап көруде.
Біздің серіктес: FONBET