29 жастағы қорғаушы осы жылдың жаз айынан бері клубсыз қалған еді.
Серхио “Реал Мадрид” клубының түлегі. Ол корольдік клубтың үш жас санаты бойынша командасында өнер көрсетіп, “Тоттенхэмге” 30 млн еуроға сатылды. Содан бері ол әр жылдары “Атлетико”, “Манчестер” Юнайтед, “Брентфорд” ұжымдарында жалға ойнап қайтты. 2025 жылдың жаз айында Регилон “Тоттенхэммен” болған арадағы келісімді бұзып, еркін агент атанды. Енді міне жыл соңына қарай Серхио мансабын жалғастыру үшін Америкаға ат басын бұрды.
Ол Бекхэм командасында мансабын чемпион болып аяқтаған Жорди Альбаның орнын басу үшін шақыртылды. Майами клубында ол 3 нөмірмен өнер көрсететін болады.
Жалпы өз мансабында Серхио 2019/20 жылғы Еуропа Лигасы мен 2019 жылғы Клубтар арасындағы Әлем чемпионатын жеңді.
Біздің серіктес: FONBET