"Барселона" президенті Хосеп Мария Бартомеу клубтың қазіргі тәлімгері Энрике Сетьен келесі маусымда каталондықтардың бас бапкері ретінде жұмысын жалғастыратындығын растады.
«Сетьеннің келісімшарты бар. Біз оны бапкер қылып тағайындаған кезде, оған осы маусымға арналған жоба және одан кейінгі маусым туралы да түсіндірдік. Жаттықтырушының бірнеше ай ішіндегі жұмысын пандемия жағдайында бағалау өте қиын.
Артуро Видаль қазірдің өзінде бапкермен танысуға және жұмыс істеуге аз уақыттың кеткенін айтты. Бапкерді ауыстыру туралы ешқашан ойлаған емеспіз. Егер екі ойында жеңіске жетпесе, біз оны ауыстырамыз деген кейбір ақпараттар шықты, бірақ бұл ешқашан талқыланбаған.
Сетьен - біздің жаттықтырушы. Біз ешкіммен сөйлеспедік. Тіпті Лоран Бланмен де. Мен Хавимен жақсы қарым-қатынастамын, ол жақында өзінің командасымен жаңа келісімшартқа қол қойды», - деді Бартомеу Sport.es сайтына берген сұхбатында
Біздің серіктес: FONBET