"Алғашқы 30 минут маған ұнады. Біз жақсы ойнадық. "Севильяның" адымын аштырмадық. Тіпті гол соғуға да жақын қалған едік. Осы кезде су ішуге үзіліске кеттік, соның кесірі тиді. Сәл пауза алғаннан соң біздің ойынымыз нашарлап кетті" дейді Кике Сетьен.
Ойыннан кейін Кике бапкер тағы былай айтты. "Екінші таймда біздің ойыншылар жиі қателесе бастады. Бір-бірімен байланыс жоғалтып алды. "Севилья" басымдылықты өз қолына алды. Олардың қандай күш екенін біле отырып, біз басымдылықты соларға беріп қойдық. Ойын алдында "Севильяның" мықты екенін білдік. Сондықтан да, біз үшін 1 ұпайдың өзі жақсы көрсеткіш дер едім. Чемпиондыққа талас жолы оңай емес. Дегенімен, "Реал" Мадрид өзінің кездесуін әлі жеңген жоқ қой. "Реал" Сосьедадты оның алаңына барып жеңу оңай емес" деді "Барселона" бапкері.
Біздің серіктес: FONBET