Жарнама
Жарнама

«СЕВИЛЬЯ» БАСШЫСЫ СОТТАЛДЫ

22.12.2011, 21:45
Жарнама
Жарнама
Хосе Мария дель Нидо өзінің заңсыз әрекеттері үшін алдағы өмірінің 7,5 жылын темір тордың арғы жағында өткізбек. 19-желтоқсан күні жергілікті сот «Севилья» президентіне мемлекет қаржысын бас пайдасына пайдаланған алаяқтығы үшін үкім шығарды. Тергеу жұмыстары 2010 жылдың көктемінен үстіміздегі жылдың жазына дейін созылған болатын. Прокурор соттан қылмескерді 30 жыл бас бостандығынан айыруды сұраса да, «Севилья» президенті 7 жыл, 6 ай көлемінде абақтыға жабылатын болды. Сондай-ақ жергілікті қаланың бұрынғы мэрі Марбель Хулиан Муньостың үстінен де қылмыстық іс қозғалып, ол да өзіне тиесілі жазасын алатын болды. Себебі, ол дель Нидомен бірге заң бұзушылыққа барған. Нұрислам Құспанғали
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров