«Севилья» Дания құрамасы мен «Боруссия Дортмунд» клубының жартылай қорғаушысы Томас Дилейниді қатарға қосты. 29 жастағы футболшы испаниялық клубпен 4 жылдық келісім-шартқа отырды.
«Севилья» дортмундтық клубқа футболшы үшін 5,5 миллион еуро төледі.
Өткен маусымда Дилейни «Боруссия» сапында 34 матч өткізіп, бір гол мен бес нәтижелі пастың авторы атанды. Ал 2020 жылғы Еуропа чемпионатында футболшы Дания құрамасымен бірге турнирдің жартылай финалына дейін жетті. Тіпті 1/4 финалда Чехия қақпасына гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET