Финал-әрқашанда жоғары градус, атмосфера! Финал-аяғы біреу үшін өкінішпен, қайғымен, біреу үшін қуанышпен аяқталатын ары кетсе екі жарым сағаттық матч!
Кәрі құрлықтағы халықаралық турнирлер арасындағы статусы бойынша, Чемпиондар Лигасына ғана жол беретін Еуропа Лигасының финалы Туринде! Жартылай финалда "Ювентусты" өз үйіндегі финалдан айырған "Бенфика" мен испаниялық "Севилья" сынға түспек. "Бенфика"-екінші жыл қатарынан финалда жеңілгісі келмейтін команда. "Бенфика"-сонау-сонау өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері Еуропада алтыннан алқа тақпаған ұжым. "Бенфика"-қатарынан 7 рет финалда жолы болмаған ұжым! Португалияның Еуропадағы намысын тек "Порту" ғана емес, "Бенфика" да қорғай алатынын дәлелдеуге ұмтылған қайсар ұжым! Ал, "Севилья" өткен он жылдықтың ортасында ғана қатарынан екі мәрте еурокубокті еншілеген команда, шешуге кезеңге сүрініп, ақсаңдап, құлап, қайта тұрып жетті. Алысқа бармай жартылай финалдағы "Валенсияға" қарсы драманы еске түсірсек те жетіп жатыр.
Португалиялық "Бенфиканың" жолына, Еуропа Лигасында жеңіске жетуі үшін португалиялық азамат кедергі болды! Мүмкін, Бразилияда, Португалияның незізгі қақпашысы рөлін атқарар Бету, қатарынан матч соңындағы екі пенальтиді қайтарып, Бенфиканың жолын бөгеді. "Севилья" үшін жеңісті еншіледі. Әрине, толықтай матчты алып қарасақ "Бенфиканың" басымдығымен өтті. Бірақ, басымдықты нәтижеге ұластыра алмағанына лиссабондықтардың өздері ғана кінәлі.
Еуропада испандықтардың үстемдігі жүріп тұр. Бүгінгі кубок те Испанияға аттанды, Чемпиондар Лигасы да Мадридке аттанары айдан анық. Суперкубокті те испаниялық клуб еншілейді. Әйгілі Гутманның қарғысы әлі де іс жүзінде. 60-шы жылдары "Бенфика" алдағы 100 жыл бойы Еуропада ешқандай турнир жеңбейді деген. Қатарынан сегізінші финалда сан соқты. Дәл бүгін сәттіліктің "Севилья" жағында болғанын жасырмаймыз. Бірақ, тылсым күштің де мықтыны таңдары бар емес пе?
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Біздің серіктес: FONBET