Жарнама
Жарнама

Шабуылшы жоқ? Белгілі бапкер «Қайрат» - «Брюгге» кездесуіне болжам берді

Бүгін, 12:27

Болат Есмағамбетов ЧЛ жалпы кезеңіндегі «Қайрат» - «Брюгге» матчына тоқталып, қарсыластардың мүмкіндігін бағалады.

Дастан Сәтпаев
Жарнама
Жарнама

Танымал жаттықтырушы сондай-ақ, алматылық клубтың басты мәселесіне де назар аударған болатын. «Қайрат» - «Брюгге» кездесуі ертең «Астана Арена» алаңында өтеді. Бұл турнирдің 7-турының ойыны.

«Қайратта» Чемпиондар Лигасының алдында шағын оқу-жаттығу жиындары болыпты. Ол қалай болды, не істеді? Әзербайжандық командалармен екі жолдастық матч дейді, біреуін ұтылған, бірінде тең ойнады. Алматылықтарда проблема бар – ортада ойнайтын адамдар толық, ал шабуылда ешкімді таба алмады. Шабуылшы жоқ. «Қайратта» тәжірибе аз, футболшыларының жеке шеберлігі де керемет емес. ЧЛ ойындарында осы олқылықтың орнын алматылықтар  физикалық дайындықпен толтырып келген. Ал қазір қалай болар екен?! Қиын болатын сияқты меніңше. «Брюгге» басқасын айтпағанда, сол физикалық дайындық тұрғысынан да басым түседі. Бір сөзбен айтқанда, фаворит – бельгиялық клуб», - деді белгілі бапкер «Аладоп.кз» сайтына сұхбатында.

«Брюгге» Чемпиондар Лигасының турнирлік кестесінде 31-орынға жайғасуда. Бельгиялық клуб басшылығы соңғы нәтижелерге көңілі толмайды, осыған байланысты бас бапкер Ники Хайенді орнынан босатып, тізгінді Иван Лекоға ұстатты. «Қайрат» 1 ұпаймен соңғы 36-сатыда.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров