Жарнама
Жарнама

Шабуылсыз құрама

17.06.2015, 19:17
Жарнама
Жарнама
[gallery ids="23658"]

Юрий Кроснажан баптаған Қазақстан құрама командасы соңғы ойындарда жақсы ойын көрсеткенмен, нәтижесіз болып жатыр. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында, 6 кездесуін өткізген Ұлттық құрама небары бір ойында тең нәтижеге қол жеткізіп,турнир кестесінің соңғы сатысында тұр.

Бұған басты себептің бірі біздің құрамаға шабуылшылардың жетіспеушілігінен. Шабуыл  шегіндегі кемшіліктердің кесірінен гол соғатын мүмкіндіктерді өз пайдаларына шеше алмауында. Команда тактикалық тұрғыдан дұрыс құрылмағандай көрінеді. Алаңдағы ойыншылардың  басым көпшілігі қорғаушылардан тұрады. Бұған дәлел ретінде Түркия құрамасына қарсы ойында қорғанысқа баса мән берілгенін айтсақ болады. Мәселен, қорғанысқа 5 бірдей қорғаушы шығарған Ю.Кроснажан, орталық алаңды С.Смақов пен Г.Шмидтгальге тапсырды. Шмидтгальдің таза қорғаушы екенін, Смақовтың да бұрын қорғаныста қызмет атқарғанын ескерсек, біз түріктерге қарсы 7 бірдей қорғаушымен қарсы ойнағанымызды аңғаруға болады.

Бұл ойындағы тағы бір тактикалық қателік Марк Гурманға оң жақ қапталдағы қорғанысты тапсыру болды. Гурманның алаңдағы негізгі орны орталық қорғаушы болғандықтан, қапталдағы шабуылға жиі араласа алмады. Осыдан-ақ шабуыл шебінің шіркін-ай болмауының себебі, қорғаныстың қамын көп ойлап кетуден екенін түсіну қиынға соқпас.Жанкүйер қауым бас командамыздан сауатты қорғаныс пен қатар қуатты шабуылды да талап етеді.  Ең жақсы қорғаныс- шабуыл демекші, қорғанысқа бел байлап жатып алмай, батылдыққа бой алдырып, адуынды шабуылдар жасап, алаңға сол шабуылдан нәтиже шығара алатын ойыншыларды шығару керек пе еді? Бәлкім...

Дәурен ДОСБОЛОВ

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров