Даңқты боксшы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған футзал жарысы «Жұмысшы мамандықтар жылына» да орайластырылып отырғанын айта кету керек.
Турнир Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өтеді. Сайыс сәуірдің 17-18-не жоспарланған. Онда Қазпошта, «ТЭЦ», Remontex, АРЭК, Су арнасы, Жасыл аймақ, Астана Тазалық, Теплотранзит, Автобус паркі, Құрылыс саласы, ЖКХ. Экосистем сынды 16 команда бақ сынамақ. Турнирде аталған ұжымдар өзара үш топқа бөлініп, мықтыны анықтайтын болады.
Сайыстың жүлде қоры қомақты – бас жүлдегер 2000000 теңге ұтса, екінші орын алған команда 1000000 теңге еншілейді, ал үздік үштікті түйіндеген ұжымға 500000 теңге тарту етілмек.
Сондай-ақ, жарыста түрлі аталымдарда үздік танылғандарға да ақшалай сыйлық қарастырылған. Үздік қорғаушы, үздік ойыншы секілді номинация иегерлеріне 100000 теңгеден тарту етіледі.
Айта кетейік, сайыстың бас демеушісі Махат Төреәлі басшылық ететін «BELES HOLDING» құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: FONBET