Шахтерді алға сүйреген, Жігіттер мықты бәрінен! Үлгі боп жас ұрпаққа, Батасын алды кәріден! Күздің аппақ бораны, Стадионда отырмын. Алғысым шексіз жігіттер, Шаттыққа бойды толтырдың. Алланың жауған ақ нұры, Себелеп тұрды төбемнен. Дауыл, боранға қарамай, Жиналды көп көрермен. Абылай ҚАРИН. Қарағандыдан.