Жарнама
Жарнама

«Шахтер» армениялық футболшымен мәміле жасасты

17.02.2022, 00:50
Футболшы бұған дейін де Қазақстанда өнер көрсеткен.
Жарнама
Жарнама

«Шахтёр» футбол клубы армениялық жартылай қорғаушы Петрос Аветисянмен келісім-шартқа отырды. 

Петрос мансабын еревандық «Бананц» клубында бастап, 2014 жылы дебют жасады. Екі маусым бойы команданың маңызды ойыншысы атанып, ел Кубогi мен Суперкубогін жеңіп алды.  

2016 жылы «Пюникпен» келісімге келіп, сол жерде екі маусым өнер көрсетті. Кейін «Арарат-Армения» клубына ауысты. Еревандық командамен бірге Аветисян чемпионаттың және Суперкубоктің жеңімпазы атанды. 

2020 жылы қостанайлық «Тобылда» доп тепті. Ал Аветисянның соңғы клубы армениялық «Ноа» болды. 

Петрос ұлттық құрама сапында бес кездесу өткізген. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров