«Шахтер» «Арсеналдың» Мудрик үшін ұсынған 65 млн еуро ұсынысын қабылдамады

28.12.2022, 21:26


Донецкілік "Шахтёр" лондондық "Арсеналмен" бір бітімге келе алмауда.


"Канонирлер" 21-жасар футболшы үшін 65 млн еуро ұсынған екен (40 млн бірден, қалған 25 млн бөліп беру арқылы). Ал "Шахтёр" болса, Мудрик үшін 100 млн еуроны қалайды. 


Бұл футболшыға тек "Арсенал" ғана қызығушылық білдіргенін айта кетейік.


Михаил Украина біріншілігінің осы маусымында 18 ойын өткізіп, 10 гол соққан болатын. Ол "Шахтёр" намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді.