Жарнама
Жарнама

«Шахтер» Беларусь қорғаушысымен толығуы мүмкін

28.06.2022, 00:15
27 жастағы футболшы мансабының көп бөлігін өз елінде өткізді.
Жарнама
Жарнама

«Миснк» клубының 27 жастағы қорғаушысы Александр Позняк қарағандылық «Шахтерге» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды «Белорусский футбол» Telegram арнасы.

Позняк - «Неманның» түлегі. Ол бұған дейін өз елінде «Лида», «Шахтер Солигорск», «Городея» және «Динамо Брест» сияқты клубтардың намысын қорғады. Македониялық «Работнички» командасында да жарты жыл ойнады.

Биылғы маусымда ол «Минск» сапында 13 кездесу өткізіп, нәтижелі әрекетпен көзге түспеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров