"Шахтер" босниялық жартылай қорғаушы Эдин Рустемовичпен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды қарағандылық клубтың баспасөз қызметі.
Рустемович өзінің кәсіби мансабын 2010 жылы босниялық "Дрина" (Зворник) клубында бастады. 28 жастағы футболшы сербиялық "Белград", "Синджелич", түркиялық "Адана Демирспор" және босниялық "Сараево", "Зриньски Мостар", "Тузла", "Слобода" сияқты командалардың намысын қорғаған.
Рустемович осы маусымда "Тузла Сити" клубы үшін 19 матч өткізіп, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.
Эдин "кеншілер" сапында 44-ші нөмірмен ойнайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET