Жарнама
Жарнама

«Шахтер» бұрынғы қақпашысын қайтарып алды

23.12.2021, 17:08
Қақпашы өткен маусымда Қазақстан чемпионы атанды.
Жарнама
Жарнама

«Шахтер» футбол клубы 24 жастағы қақпашы Егор Цуприковпен келісім-шартқа отырды. 

Егор Цуприков өзінің кәсіби мансабын 2013 жылы «Шахтер-Болат» сапында бастады. Ал «Шахтер» клубындағы дебютін 2018 жылы сырт алаңда «Қайсарға» қарсы ойында өткізді. Қарағанды футболының түлегі Қазақстанның 17 және 19 жасқа дейінгі құрамаларында доп тепті.  

Қақпашының өткен маусымда «Тобылдың» намысын қорғап, қостанайлық клубпен бірге Қазақстан чемпионы атанды және ел суперкубогін жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров