Жарнама
Жарнама

"Шахтер" бюджетіне 477 миллион теңге қосылды

24.02.2012, 02:43
Жарнама
Жарнама
Клуб бюджетіне «АрселорМиттал» мен ENRC компанияларынан 477 миллион (шашамен үш миллион доллар) теңге бөлінді. Бұл Қарағанды облысы әкімшілігі мен аймақтағы ең ірі екі компанияның арасындағы серіктестік меморандумынан кейін жүзеге асты.   Қосымша қаржы туралы "Шахтер" футболшыларымен болған кездесуде облыс әкімі Әбілғазы Құсайыновтың өзі мәлімдеді. - Биылғы жылы сіздерді өте жауапты тапсырманығ күтіп тұрғанын түсінетін шығарсыздар. Бұл, яғни чемпиондық атақты қорғап қалу. Сол арқылы барлық жанкүйерлерге өткен жылғы жетістік жай ғана сәйкестік емес, үлкен еңбектің жемісі екенін дәлелдеулеріңіз қажет, - деді облыс басшысы. Дегенмен, айта кетуі керек екі ірі компанияның бөлген қаржысы бұл клубтың негізгі бюджеті емес. Тәуір ойын өрнегін көрсетіп, алға қойылған мақсатқа жетуді жоспарлаған клубтың бюджеті шамамен екі миллиард теңгені құрайтыны түсінікті. «Бұл сумманың негізгі бөлігі қазынаның еншісінен бөлінед", - деді Қарағанды облысы әкімшілігінің баспасөз қызметі. tengrinews.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
(Видео) Еуроголдар