«Шахтёр» футбол клубы черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зоричпен келісім-шартқа отырды.
Зорич соңғы үш маусымын ҚПЛ-да өткізген. Алдымен жартылай қорғаушы көкшетаулық «Оқжетпесте» өнер көрсетті, кейін петропавлдық «Қызыл-Жарға» ауысты. Сонымен қатар 28 жасар футболшы черногориялық «Сутьеска» мен «Челикте», сербиялық «Чукарички», «Борац», грекиялық АЕК-те доп тепкен.
Өткен маусымда черногориялық ойыншы петропавлдық клуб жейдесінде 20 матч өткізіп, 7 гол соққан және 6 нәтижелі пастың авторы атанған.
Біздің серіктес: FONBET