Жарнама
Жарнама

«Шахтер» директоры клубтың қарызына қатысты мәлімдеме жасады

24.02.2022, 22:18
«Кеншілер» жаңа маусымда жүлделі орынға таласып көрмек.
Жарнама
Жарнама

«Шахтердің» атқарушы директоры Ерлан Oразаев клубтағы жағдайды түсіндіріп, қарыға қатысты айтылып жүрген қауесеттерді жоққа шығарды.

Бұған дейін қарағандылық клубтың ойыншылары бес ай бойы жалақы алмауына байланысты жаңа маусымның алғашқы турындағы ойынға қатыспауы мүмкін деген ақпарат тараған еді.

«Негізі жалақы бойынша қарызымыз жоқ. Келісім-шартымызда футболшыларға демеушілерлің қаражатынан төленетін қосымша төлемдер бар. Сәл кешігіп жатыр. Бұл мәселе жақын арада жабылады деп ойлаймын.

Ал ойыншылардың жаңа маусымдағы ойындарға қатысқысы келмейді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Менің ойымша, биыл өте мықты команда жасақтадық, біз чемпионатта жоғары орындарға таласуға тырысамыз», - деді Оразаев.

Айта кетейік, 5 наурыз күні «Шахтер» Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы турында «Астанамен» кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров