«Шахтер» футбол клубы қазақстандық футболшылар Карам Сұлтановпен және Ескендір Қыбыраймен келісім-шартқа отырды.
Карам Сұлтанов - Шымкент футболының тәрбиеленушісі. 24 жастағы қорғаушының соңғы клубы әзірбайжандық «Сумгаит» болды. Сұлтанов сонымен қатар «Ордабасының» жастар командасында, елордалық «Бәйтерек» және петропавлдық «Қызыл-Жар» командаларында ойнады. Ол Қазақстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнады.
Ескендір Қыбырай - алматылық «Қайраттың» түлегі. Ол «Қайрат-Жастар» және «Жетісу» командаларында доп тепті. Өткен жылы Қыбырай талдықорғандық клубтың жейдесінде Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасады, 8 матч өткізіп, екі голдық пастың авторы атанды Ол Қазақстанның жасөспірімдер мен жастар құрамаларында өнер көрсетті.
«Шахтер» ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET