"Шахтер" Қазақстан Кубогінің үшінші турында БЖМОРСМ 8 клубын қабылдады. Матч Қарағандыдағы Орталық стадионда өтіп, 7:1 есебімен аяқталды.
"Шахтерға" жақында ғана қосылған шабуылшы Оралхан Өміртаев 16 және 42-минуттарда қос бірдей гол соқты. Ал Айдос Тәттібаев 19 және 55-минуттарда көзге түсті. "Шахтердың" тәрбиеленуішісі Жан Али Пайруз да бұл ойында дубль жасады (46 және 59-минутта). Ал Евгений Шикавка 62-минутта өзінің қарағандылық клуб сапындағы дебюттік голын соқты. Елордалық клуб тек бір голмен ғана жауап қайтара алды. Матч соңында Кәрім Смыков есеп айырмасын қысқартты.
"Шахтер" бұл ойыннан кейін 6 ұпаймен А тобында екінші орынға көтерілді. Бірде-бір ұпайы жоқ БЖМОРСМ 8 командасы ең соңғы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET