Жарнама
Жарнама

«Шахтер» «Ертіс» ойыншысын қатарға қосты

07.08.2020, 03:21
Мингазов кеше «Тобылға» ауысқан Манзорроны алмастырады.
Жарнама
Жарнама

Түркменстан құрамасының жартылай қорғаушысы Руслан Мингазов «Шахтермен» келісімшартқа отырды.

Қарағанды ​​командасында Мингазов өзінің бұрынғы «Ертіс» командасындағы серіктесі Жереми Манзорроның орнын алмастыратын болады - кеше, 5 тамызда Манзорро "Тобылға" ауысқан еді. Келісімнің шарттары әзірге нақтыланбаған.

28 жастағы Мингазов өткен жылы жазда «Ертіске» ауысқан болатын. Премьер-Лиганың өткен маусымының 11 матчында екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ағымдағы чемпионатта ол екі ойын өткізіп, мамырдың соңында, оның клубы Премьер-Лигадан шыққан кезде, еркін агент атанды.

Қазақстанға дейін Мингазов Чехияда «Славия» сапында ойнап, чемпион атанды, сонымен бірге ол «Пршибрам», «Млада Болеслав» және «Яблонец» командаларында доп тепкен. Сондай-ақ, ол Латвиялық «Сконто» және өзінің туған қаласындағы «Ашхабад» клубында да ойнады. 2013 жылы Мингазов ағылшынның «Тоттенхэм» клубында қаралымда болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров