"Шахтер" француз қорғаушысы Абдель Ламанжбен келісім-шартқа отырды.
Абдель өткен жылы қарағандылық клубта ойнады және Конференция лигасына жолдама алуға көмектесті. 30 жастағы қорғаушы өткен маусымда 17 матч өткізіп, 2 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
Абдель Ламанж - "Стасбург" футбол мектебінің түлегі. Ойыншының алғашқы кәсіби клубы франциялық "Гренобль" болды. Одан бөлек "Шинник", волгоградтық "Ротор" және "Атырау" сияқты командалардың намысын қорғады. Ал осы маусымда румыниялық "Астра" клубында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET