"Шахтер" футбол клубының атқарушы директоры Ерден Халилин Қарағандыдағы жаңа стадионның құрылысы жайында айтып берді деп хабарлайды BussinessNews.kz.
"ҚР Премьер-Министірі өңірге жасаған соңғы сапарында облыс әкіміне және Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігінің төрағасына Қарағандыда жаңа стадионның құрылысын бастау бойынша ұсынысты енгізуді тапсырды. Қазір бұл іспен айналысып жатыр. Жаңа кешен шамамен 12-15 мың адамдық болады деп жоспарлануда. Біздің команда Еуропаға көп сапар жасады және ондағы жергілікті клубтардың барлығында кішігірім стадион бар. Менімше, осындай стадион бізге жеткілікті "Шахтер" жақын болашақта жаңа стадионда ойнайды деп сенемін" - деді ол.