Қарағандылық "Шахтер" командасының 29 жастағы түрікменстандық жартылай қорғаушысы Руслан Мингазов өзінің болашағы туралы айтты.
"Әзірге мен өзімнің келесі жылы қайда ойнайтынымды білмеймін. Мен әлі ешқандай шешім қабылдаған жоқпын. Келіссөздер жүргізуге дайынмын. Менің агенттерім де Қазақстандағы нұсқаларды іздейді, сондықтан не болатынын көрейік. Әзірге "Шахтерден" да, басқа командалардан да ұсыныстар болған жоқ", - деді футболшы.
Мингазов өткен маусымды "Ертіс" сапында бастаған, ал қаржылық қиындықтарға байланысты павлодарлық клуб жабылғаннан кейін "Шахтермен" келісімшартқа отырды. Қарағандылық клуб үшін 13 матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.
Естеріңізге сала кетейік, "Шахтер" маусымды төртінші орынмен аяқтады, осылайша команда келесі жылы Конференциялар лигасында өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET