Жарнама
Жарнама

«Шахтер» футболшысы мансабын Еуропада жалғастырады

04.01.2021, 01:24
Өткен маусымда футболшы барлық матчқа қатысқан еді.
Жарнама
Жарнама

Қарағандылық «Шахтердің» жартылай қорғаушысы Мохаммед Усман мансабын еуропалық клубта жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ойыншының агенті Дмитрий Селюк айтып берді. Оның айтуынша, футболшы Қазақстан чемпионатында қалмайды. Нигерияның олимпиадалық құрамасының бұрынғы ойыншысына «еуропалық чемпионаттың белді клубы» назар аударып отыр. Келісімшарттың егжей-тегжейлі ақпараты әлі белгісіз.

Мохаммед Қарағандыда қалуға қарсы болмады. Бірақ оны клубтың қаржылық ахуалы және чемпионаттың келесі маусымдағы басталуы туралы белгісіздік алаңдатып отыр.

Усман «Шахтерге» 2020 жылғы маусымның басында ауысып келді. Ол өткен маусымда Қазақстан чемпионаты аясында 18 матчқа қатысып, бір гол соқты. Бір жыл ішінде оның трансферлік құны 250 мың еуродан 400 мың еуроға дейін өсті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров