«Шахтёр» футбол клубы босниялық қорғаушы Джордже Чосичпен келісім-шарт жасасты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Чосич 1995 жылдың 11 қыркүйегінде дүниеге келген. Бұған дейін тек отанында, атап айтсақ, «Дрина Зворник», «Витез», «Зриньски Мостар», және «Борац» командаларында доп тепкен. Ағымдағы маусымда «Борац» құрамында 9 ойын өткізіп, бір гол соққан және бір нәтижелі пас берген.
Чосич қорғаныстың сол қапталында өнер көрсетеді. Бойы ұзын (187 см) болғандықтан, орталық қорғаушы ретінде де ойнай береді.
Біздің серіктес: FONBET