Жарнама
Жарнама

«Шахтер» Конференция лигасындағы жорығын аяқтады

27.08.2021, 06:39
«Шахтерді» осы кезеңге жетеді деп те ешкім ойламады.
Жарнама
Жарнама

Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты ойында қарағандылық «Шахтер» израильдік «Маккаби» Тель-Авивтен 0:2 есебімен ұтылды (жалпы есеп 1:4). Матч Израильдегі «Блюмфилд» стадионында өтті.

Ойын бастала салысымен алаң иелері шабуылға лап қойды. 18-минутта бұрыштамадар асырылған пасқа басын дәл қоя білген Нахмиас есеп ашты. Ал 40-минутта Глазер алыс қашықтықтан өте керемет соққы бағыттап, допты қақпа торында тулатты. Осыдан кейін қос команда да гол соға алмады.

Осылайша, қарағандылық «Шахтер» Конференция лигасындағы жорығын аяқтады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров