Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында «Шахтер» атакенттік «Мақтааралдан» басым түсті. Ойын Қарағандыдағы Орталық стадионда өтіп, 5:1 есебімен аяқталды.
Алаң иелері сапында босниялық қорғаушы Джордже Чосич (21-ші минут), Тимур Досмағамбетов (27), украиналық шабуылшы Николай Ковталюк (44), армениялық жартылай қорғаушы Петрос Аветисян (55) және Айдос Тәттібаев (65 - пенальти) көзге түсті. Ал Кирилл Маляров 88-минутта өз қақпасына гол соғып алды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 5-тур
«Шахтер» – «Мақтаарал» – 5:1
«Шахтёр»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Тимур Досмағамбетов (Алмас Төлебай 82), Джордже Чосич, Владимир Хозин, Михаил Габышев, Кирилл Маляров – Роджер Каньяс, Стефан Букорац, Петрос Аветисян – Роман Мұртазаев, Николай Ковталюк;
«Мақтаарал»: Алмат Бекбаев (қ) – Артур Западня, Руслан Юденков (к), Артем Разгонюк, Драмане Коне, Диержон Арипов – Расамбек Ахматов, Ринат Джуматов – Едіге Оралбай, Мейрамбек Серікбай, Бекзат Жаксыбайұлы;
Біздің серіктес: FONBET