Жарнама
Жарнама

«Шахтер» мен «Қайрат» жеңімпазды анықтай алмады

27.09.2021, 02:55
«Қайрат» соңғы минуттарда гол соғып, ұпай олжалады.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасының 22-турында «Шахтер» мен «Қайрат» өзара мықтыны анықтады. Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

76-минутта алаңға қосалқы құрамнан қосылған Идрис Умаев шыға салып өз командасының бірінші голын соқты. Ал жауапты голды Раде Дугалич өз атына жазды. Айып добынан асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттаған қорғаушы командасына бір ұпай сыйлады.

«Шахтер» бұл ойыннан кейін 26 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады. Алматылық клуб 41 ұпаймен үшінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров