Жарнама
Жарнама

«Шахтер» «Монпельенің» бұрынғы ойыншысын жалға алды

24.02.2022, 15:50
Футболшы кезінде Франция чемпионы атанған.
Жарнама
Жарнама

«Ахмат» 22 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Амир Адуевтің «Шахтерға» ауысқанын хабарлады.

Ойыншы қарағандылық клубқа 2022 жылдың соңына дейін жалға берілді. Бірақ «Ахмат» футболшыны 1 маусымнан бастап клубқа қайтара алады.

Амир Адуев бала кезінен Францияда өмір сүрген. Ол «Монпелье» жастар командасымен бірге ел чемпионы атанып, Гамбарделла кубогін иеленді. Франциялық клуб сапында 16 матчта 7 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

2020 жылдың қазан айында Адуев «Ахматпен» 4 жылдық келісім-шартқа отырады. Ол ресейлік клубта 27 матч өткізді.

Transfermarkt порталы ойыншыны 250 мың еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров