Ресейлік қорғаушы Андрей Буйволов қарағандылық «Шахтер» сапында өнер көрсетуін жалғастырады, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
Өткен маусымда Буйволов «кеншілер» сапында 19 ойын өткізіп, 1 голдық пас беріп, екі рет мергендік танытқан еді. Сондай-ақ, Андрей 2020 жылғы маусымда қорғаныстағы жекпе-жектерде ең көп жеңіске жеткен үздік ойыншы атанды (166).
Айта кетейік, қарағандылық клуб бұған дейін Гидеон Баамен жаңа келісім-шарт түзген болатын. Және сербиялық жартылай қорғаушы Вук Митошевич пен хорватиялық қорғаушы Иван Графты қатарға қосты.
Біздің серіктес: FONBET