Жарнама
Жарнама

«Шахтер» өткен маусымдағы үздік ойыншысымен келісім-шартты ұзартты

19.02.2021, 04:40
Хубулов өткен жылдың қараша айында керемет нәтиже көрсетті.
Жарнама
Жарнама

Ресейлік жартылай қорғаушы Арсен Хубулов қарағандылық "Шахтер" сапында өнер көрсетуін жалғастырады. Футболшы қарағандылық клубпен келісім-шартын тағы бір жылға ұзартты.

Өткен маусымда Хубулов "кеншiлер" сапында 19 ойын өткізіп, 7 голдық пас беріп, 6 рет мергендік танытқан. Сондай-ақ клубтың үздік сұрмергені және команданың өткен маусымдағы ең үздік ойыншысы атанды. Одан бөлек, Премьер-лигада қараша айының үздігі атанды.

Еске салайық, "Шахтер" өткен маусымда Қазақстан чемпионатында төртінші орынға ие болды. Осылайша, қарағандылық ұжым алдағы маусымда Конференция Лигасында бақ сынайтын болады. Одан бөлек Қазақстан Суперкубогінің жартылай финалында "Астана" клубымен кездеседі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров