«Шахтер» Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы турында «Тобылды» қабылдады. Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 32-минутында Алекса Аманович өз айып алаңында қолмен ойнағаны үшін алаңнан қуылды. Нүктеге келген Тимур Досмағамбетов пенальтиді сәтті орындады. Екінші таймның басында Николай Ковталюк есепті еселеді. 61-минутта Досмағамбетов тағы да пенальтиден гол соқты. Ал 70-минутта қосалқы құрамнан шыққан Айбар Жақсылықов есепті қысқартты. 81-минутта алаңға шыққан Роман Мұртазаев бірнеше секундтан кейін ойынның нүктесін қойды.
Қазақстан Премьер-лигасы, 9-тур
«Шахтёр» – «Тобыл» – 4:1
«Шахтёр»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Тимур Досмағамбетов (Алмас Төлеубай 90), Иван Граф, Владимир Хозин, Стефан Букорац, Кирилл Маляров – Роджер Каньяс, Эдин Рустемович (Айдос Тәттібаев 67) – Абылайхан Назымханов (Амир Адуев 67), Иван Свиридов (Тохтар Жаңғылышбай 67), Николай Ковталюк (Роман Мұртазаев 81);
«Тобыл»: Александр Мокин (қ) – Владислав Васильев (Роман Асранқұлов 86), Алекса Аманович, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Дмитрий Мирошниченко – Самат Жарынбетов, Асхат Тағыберген (к) – Рубен Бриджидо (Жасұлан Жұмашев 86), Зоран Тошич (Руди Пожег 64), Игорь Сергеев (Айбар Жақсылықов 64);
Біздің серіктес: FONBET