"Тобыл" Қазақстан кубогінің жартылай финалында "Шахтермен" жауапты матч өткізді. Қостанайдағы "Тобыл Арена" стадионында өткен матч 0:2 есебімен "кеншілердің" пайдасына шешілді.
Кездесудің 36-минутында Давид Атанаскоскидің сол қапталдан әуелете асырған пасына Павел Назаренко бірінші жетіп, есеп ашты. Ал үш минуттан кейін Давид Мавутор екі ойыншыны қапы қалдырып, Мартин Тошевке пас берді, ал болгариялық шабуылшы жерлете соққы жасап, "Тобыл" қақпасынан саңылау тапты.
Естеріңізде болса, қос команда арасындағы алғашқы матчта 5:2 есебімен "Шахтер" жеңіске жеткен еді. Магомед Адиев шәкірттері финалда "Қайратпен" күш сынасатын болады.
Біздің серіктес: FONBET