Жарнама
Жарнама

«Шахтер» Қазақстан Кубогінің жартылай финалына шықты

27.10.2021, 22:53
«Кеншілер» жартылай финалда «Тобылмен» шеберлік байқасады.
Жарнама
Жарнама

"Шахтер" Қазақстан Кубогінің 1/4 финалында "Таразбен" кездесті. Қарағандыдағы "Шахтер" стадионында өткен қарымта кездесу 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның 26-минутында Давид Атанаскоски "Тараз" қақпашысынан кері серпілген допты ашық қақпаға бағыттап, командасын алға шығарды. 39-минутта Эдин Рустемовичтен допты тартып алған Әлішер Сүлей алыстан соққы жасап, таразы басын теңестірді. Ал 59-минутта Эдиннің айып добынан асырған пасын Мартин Тошев өз пайдасына жаратты. Ойынның қосымша уақытында Айдос Тәттібаев матчтың нүктесін қойды.

Естеріңізде болса, қос команда арасындағы алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталған еді. "Кеншілер" жартылай финалда "Тобылмен" шеберлік байқасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров