Жарнама
Жарнама

«Шахтер» Қазақстан кубогінің жартылай финалындағы алғашқы матчта «Тобылдан» басым түсті

06.11.2021, 21:55
Қос команда жабылып жүріп жеті бірдей гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан кубогінің жартылай финалындағы алғашқы матчта "Шахтер" мен "Тобыл" клубтары өзара мықтыны анықтады. "Астана Арена" стадионында өткен матч 5:2 есебімен қарағандылық клубтың пайдасына аяқталды.

Ойынның 8-минутында "Шахтер" шабуылшысы Идрис Умаев есеп ашты. Ал бес минуттан кейін Давид Атанаскоски айып алаңының сыртынан жойқын соққы жасап, Сұлтан Бұсырмановты қапыда қалдырды. Десе де, бірінші тайм аяқталар тұста "Тобыл" капитаны Асхат Тағыберген Рубен Бриджидоның пасынан кейін есеп айырмасын қысқартты. Бірақ араға санаулы секундтар салып, Идрис Умаев дубль авторы атанды.

Екінші тайм бастала салысымен Давид Мавутор қақпашының қателігін сәтті пайдаланып, командасының төртінші голын соқты. Ал қосалқы құрамнан шыққан Сергей Малыйдың пасын өз пайдасына жаратқан Игорь Сергеев есепті 4:2 қылды. 88-минутта Сергей Малый допты қарсыласына беріп қойды. Ал Айдос Тәттібаев ойынның нүктесін қойды

Айта кетейік, қос команда арасындағы жауапты кездесу 21 қараша күні Қостанайда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров