Жарнама
Жарнама

«Шахтер» «Қызыл-Жардан» басым түсті

11.03.2022, 02:00
Жеңісті гол матчтың соңғы бөлігінде соғылды.
Жарнама
Жарнама

Петропавлдық «Қызыл-Жар» Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында қарағандылық «Шахтерға» есе жіберді. «Астана Аренада» өткен матч 0:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 81-минутында «Шахтердің» жас футболшысы Абылайхан Назымханов қарсылас қақпасынан саңылау тауып, командасына жеңіс сыйлады.

Қазақстан Премьер-лигасы, 2-тур

«Қызыл-Жар» – «Шахтёр» – 0:1

«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Стефан Живкович (Лукас Кардосо 86), Олег Мурачёв, Валерий Каршакевич, Дмитрий Шмидт – Жиан Мартинс, Пабло Подио – Мишель Нкололо (Тимур Мульдинов 66), Дарко Зорич (Павел Яковлев 78), Андрей Панюков (Евгений Козлов 78);

«Шахтёр»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Павел Назаренко (Тохтар Жаңғылышбай 70), Джордже Чосич, Иван Граф, Михаил Габышев, Кирилл Маляров – Роджер Каньяс, Амир Адуев, Тимур Досмағамбетов, Абылайхан Назымханов – Роман Мұртазаев (Айдос Тәттібаев 76);

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров