Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қарағандылық "Шахтер" жаңа бас бапкер іздей бастады.
Бұған дейін 43 жастағы қазақстандық маман Константин Горовенко келісімшарттың аяқталуына байланысты командадан кеткен болатын. "Кеншілер" Ресейден келетін үміткерлермен келіссөздер жүргізуде. Сондай-ақ, басшылыққа осы елдің бірқатар мамандары ұсынылды.
"Шахтер" өткен маусымды төртінші орынмен аяқтады, нәтижесінде УЕФА-ның жаңа турнирі - Конференция лигасында ойнау құқығын жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET