Жарнама
Жарнама

«Шахтер» ресейлік футболшыны сотқа беріп, ақша өндіріп алды

18.09.2021, 16:21
Футболшы қарағандылық клубпен келісім-шартқа отырып, командаға келмеген.
Жарнама
Жарнама

Белоруссиялық БАТЭ-нің ресейлік жартылай қорғаушысы Павел Карасев ФИФА шешімі бойынша жарты жылға футболдан шеттетілді және ол қарағандылық «Шахтерге» 30 мың еуро төлеуі тиіс. Бұл туралы «Родны Футбол. Футбол Беларусі» телеграм арнасы хабарлады. 

Өткен жазда «Тамбовтың» жартылай қорғаушысы Карасев ​​«Шахтерға» ауысуы керек еді, тіпті қарағандылық клубпен келісім-шартқа да отырып үлгерген. Алайда ол қазақстандық клуб орналасқан жерге келген жоқ, «Тамбовта» қалып, кейінірек БАТЭ-ге ауысты.

«Шахтер» өтемақы төлеуді талап етіп сотқа жүгінді және бұл іс «кеншілердің».пайдасына шешілді

Карасев апелляциялық шағым түсірді, бірақ жағдай одан бетер ушығып кетті: ФИФА ойыншыны алты айға дисквалификациялады.

Егер ойыншы клубқа 30 мың еуро көлемінде өтемақы төлесе, жаза мерзімі қысқартылуы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров