Жарнама
Жарнама

«Шахтер» ресейлік клубқа жол берді

20.02.2022, 13:39
«Кеншілер» құр кетпей, бір гол соқты.
Жарнама
Жарнама

«Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткізген жолдастық кездесуде мәскеулік «Спартактан» 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Қарағандылық клуб сапында армениялық жартылай қорғаушы Петрос Аветисян гол соқты.

«Шахтер»: Игорь Шацкий (қ) – Тимур Досмағамбетов, Джордже Чосич, Иван Граф, Владимир Хозин, Михаил Габышев – Стефан Букорац, Роджер Каньяс, Павел Назаренко, Петрос Аветисян – Роман Мұртазаев

Биылғы маусымда «Спартак» 18 матчта 23 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-шы орында тұр.

Магомед Адиев шәкірттері Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын ресейлік «Волгарь» клубына қарсы өтетін ойынмен аяқтайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров