«Шахтер» футбол клубы ресейлік қорғаушы Кирилл Маляровпен келісім-шартқа отырды.
Кирилл Маляров қорғаныстың оң қапталында өнер көрсетеді. Қажет болса, сол қапталда да ойнай алады. Еске сала кетейік, осы позицияларда ойнаған Ескендір Қыбырай мен Давид Атанаскоски жақында ғана командадан кеткен болатын.
Маляров кәсіпқой мансабын «Нижний Новгородта» бастады, одан кейін мәскеулік «Динамо», «Олимпиец», «Ротор», «Ростов» командаларында, сонымен қатар белорусиялық «Белшинада» ойнады. Қорғаушының соңғы клубы «Нижний Новгород» болды, ол ФНЛ-дің 2020/21 жылғы маусымында 34 матч өткізді.
Біздің серіктес: FONBET