Қарағандылық «Шахтер» 27 жастағы ресейлік қорғаушы Темур Мустафинмен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
«Кеншілер» сапында Темур 5-ші нөмірмен өнер көрсетпек.
Мустафин Өзбекстанда дүниеге келген, бірақ бес жасында Ресейге көшіп кеткен. Ол өзінің футболдағы алғашқы қадамын Коноплев академиясында, сондай-ақ «Ростов» пен «Локомотивтің» жастар командаларында жасады. Сонымен қатар қорғаушы ресейлік «Авангард», «Зенит-2», «Факел», «Сочи», «Армавир», «Олимп», «Черноморец» сынды клубтарда өнер көрсеткен.
Мустафиннің соңғы командасы армениялық «Нораванк» болды, бұл клуб үшін Темур 34 матч өткізіп, 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET