Жарнама
Жарнама

«Шахтер» ресейлік жартылай қорғаушыны керек қылмады

02.01.2022, 00:18
Футболшының клубпен келісім-шарт мерзімі аяқталды.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қарағандылық «Шахтердің» ресейлік жартылай қорғаушысы Алан Чочиев келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты клубтан кетті.

Мәскеулік «Локомотивтің» түлегі «Шахтерға» 2021 жылдың мамыр айында қосылды. Содан бері 30 жастағы ойыншы барлық турнирлерде 20 кездесу өткізіп, бір гол мен бір нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Чочиев қарағандылық клубқа ауыспас бұрын ресейлік «Чайка» сапында өнер көрсетіп, «кеншілердің» қазіргі бас бапкері Магомед Адиевпен бірге жұмыс істеген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров