Жарнама
Жарнама

«Шахтер» сербиялық футболшымен келісім-шартты ұзартпау туралы шешім қабылдады

30.11.2021, 18:04
Жартылай қорғаушы «Шахтер» жейдесінде 18 матч өткізді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Шахтердің» сербиялық легионері Вук Митошевич қарағандылық клубтан кететін болды.

30 жастағы жартылай қорғаушының келісім-шарты жыл соңында аяқталады және клуб оны ұзартуды жоспарлап отырған жоқ. Өткен маусымда Митошевич «Шахтер» жейдесінде 18 матч өткізді.

Вук Митошевич қарағандылық клубқа ауыспас бұрын «Радник» клубында доп тепкен. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Қайсар», сербиялық «Войводина», «Явор», «Ягодина» және венгриялық «Кишварда» командаларында өнер көрсеткен. Өткен маусымның басында футболшы «Қайсар» клубында қаралымнан өткен болатын, бірақ қос тарап келісім-шарт жасаспады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров