Жарнама
Жарнама

«Шахтер» сербиялық футболшымен келісімшартқа отырды

14.02.2021, 16:50
Футболшы бірнеше апта бұрын «Қайсар» клубында қаралымда болған еді.
Жарнама
Жарнама

«Шахтер» футбол клубы сербиялық жартылай қорғаушы Вук Митошевичпен келісімшарт жасасты.

Қазақстандық жанкүйерлерге таныс сербиялық футболшы Вук Митошевич бұған дейін «Радник» клубында доп тепкен. Сондай-ақ, Вук «Ақтөбе», «Қайсар», сербиялық «Войводина», «Явор», «Ягодина» және венгриялық «Кишварда» командаларында өнер көрсеткен.

Қарағандылық «Шахтер» Гидеон Баамен келісімшартты ұзартты. Өткен маусымда Баа «Шахтер» жейдесінде 19 матчқа қатысып, 2 рет гол соққан еді.

«Шахтер» ФК-ның баспасөз қызметі

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров